CITYPASS
Себет
Астана
Астана
Алматы
Алматы
ChinaPass
ChinaPass



youtubeinstagramfacebook

«Астана Опера» театрына Экскурсия

CityPass арқылы тегін
1/5

«АСТАНА ОПЕРА» – Орталық Азиядағы ең үлкен өнер шаңырағы. Бұл – бүкіл еуразиялық кеңістіктегі соңғы бірнеше онжылдықта салынған кең ауқымды бірден-бір классикалық театр. Бұл – әлемдегі техникалық жағынан ең жетілдірілген театрлардың бірі. Осы тарихи сәт әлемдік опера өнерінің жылнамасына енеді. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылды. Жоба негізінде классикалық тұрғыдағы, яғни эллинистикалық нақыштарына, маньеризм мен бароккоға баса мән берген ұстамында жа-
салды. Бұл тұрғыда архитектуралық сағат тілдерін көне грекия стилінен
бірнеше ғасырға бері жылжыту тек қана дұрыс болмай, өте ұтымды да
ұтқыр шешім болды. Көше жақтағы есік алдында үлкен жаяу көпірі салынып, ол «Астана Опера» атты орасан зор ғажайып ғимаратпен әдемі үйлескен. Театр 9 гектар жер көлемінде қанат жайған. Ғимараттың алып жатқан жері - 64 000 шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін 4 сахнаны қамтитын сахналық алапты алады.
«Астана Опера» театры өзінің көлемділігімен ғана емес, архитектуралық ғажап көріктілігімен тамсандырады. Театрдың кіреберіс дің маңдайшасын мүсіншілер М.Мансұров пен Т.Ермековтің «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» туындылары әшекейлеп тұр. Отырған фигуралардың тұғыры ақселеу шөптің толқындары болып, олар дала төсінен қанат біткендей көтеріле, музыканттардың бейнесі асқақтай және әсемдене түседі. Бозбала жігіттің сымбатты пішіні дала өнерпазына сай асқақ шабытқа толы, басындағы әдемі орамалы, жалпы киім киісі мен қолындағы киелі қобызы, бәрі-бәрі ғимаратқа кірер жолдың ерекше мәні мен сәні болып тұр. Келесі жетігенде ойнап отырған музыкашы қыздың толқу үстіндегі сұлу бейнесі, орамалмен көмкерілген биік бас киімі, өзге де әбзелдері мейілінше этнографиялық дәлдікпен берілген. Пішіндердің тұрпаты қасбеттің текшесіне мінсіз дәл келіп, қабырға биіктігімен діңмайдайша аралығына орналасқан.

Әрбір театр қонағы театрдың ішкі атмосферасына еніп, театрға қайта келуге ынталы болатындай ұмытылмас әсерді сезінеді.

Сізге ұнайды

Тұңғыш Президент Музейі
#Мұражай

Тұңғыш Президент Музейі

Әлихан Бөкейхан, 1
Картадан көру
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-Тарихи мұражайы
#Тарих#Мұражай

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-Тарихи мұражайы

Республика даңғылы, 2.
Картадан көру
Red Bus екі қабатты автобус туры
#Экскурсиялар#Бүгін қол жетімді
CityPass арқылы тегін

Red Bus екі қабатты автобус туры

Бәйтерек монументінің алаңы
Картадан көру
«Нұржол» желек жолы
#Отбасылық

«Нұржол» желек жолы

Есіл ауданы
Картадан көру