Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды. Елордалық әуежай Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып...
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды.
Елордалық әуежай Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылатын RA-3 (Regulated Agebts Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады.
Сертификат кез келген авиакомпанияларға авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеусіз астаналық әуе айлағы арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын береді. RA-3 сертификаты сонымен қатар астаналық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрлері үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетіндігін растайды.
"RA-3 мәртебесінің болуы көріністі толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын барлық авиатасымалдаушылар автоматты түрде пайдалана алады, бұл кез келген (соның ішінде Еуропалық) авиакомпанияларға астаналық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді", - деді" Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы " АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.
Қазір Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы осындай сертификатқа ие Қазақстандағы жалғыз әуежай болып табылады.