Көрнекті орындар
Толығырақ
Экскурсиялар
Толығырақ
Іс-ШАРА
Толығырақ
Astana Pass
Туристің бірыңғай картасы, оған мыналар кіреді
11 объектіге еркін кіру
Қала мен өзенге экскурсиялар
10 000 теңгеге дейін үнемдеу
Astana Museum Pass
Туристің бірыңғай картасы, оған мыналар кіреді
11 объектіге еркін кіру
3 000 теңгеге дейін үнемдеу
Құжаттар
Толығырақ
Ұлттық валюта
Толығырақ
Көлік инфрақұрылымы
Толығырақ
CityPASS Жаңалықтары
Толығырақ
БАҚ біз туралы
Толығырақ
Киіктер қайтсе көбеймек
Толығырақ

Көлсай көлдерінде туризмді дамыту тұжырымдамасы ұсынылды

06 October 2020

Кольсайские озера

Күрделі құрылыс болмайды.
“Көлсай көлдері” ұлттық паркінде экотуризмді дамыту Тұжырымдамасы таныстырылды. Мұнда үш заманауи визит-орталық, Кемпингтер, этно-ауылдар мен керуен-сарайлар салу жоспарлануда, деп хабарлайды Today.kz Экология министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Туристік маршруттар мен соқпақтардың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Күрделі құрылыс болмайды. Жеңіл конструкциялар қолданылады.

“Көлсай көлдері” МҰТП директоры Данияр Тұрғанбаев қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін Ұлттық парктегі экотуризм үшін инфрақұрылым негізгі көлдерден алшақ болатынын атап өтті.

“Қайыңды мен Көлсай көлдерінің маңында ешқандай нысан салынбайды. Барлық ғимараттар шатқалда емес, төменде орналасқан. Бұл жергілікті табиғаттың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған тұжырымдама. Оның негізгі мақсаты – экожүйені бұзбау. Біз қоршаған ортаға зиян келтірместен жаяу немесе велосипедпен демалуға мүмкіндігіміз болуы керек. Тағы бір маңызды мақсат-халықты жұмыспен қамту. Ірі бизнес қана емес, жергілікті тұрғындар да туризмнен пайда көруі керек”, – деді ол.

Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекет алғашқы нәтижелерді биылғы жылы ала алады.

“Алдын ала бағалау бойынша, туристік бағыттардың саны артады, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары құрылады, қонақ үй қоры кеңейеді, шатырлар мен лагерьлер үшін орындар пайда болады. Бұл ретте табыс жылына 150 миллион теңгеге дейін артады”, – деп атап өтті Тұрғанбаев.

2019 жылы Ұлттық саябаққа 87 мың турист келіп, 30 млн теңгеге жуық табыс әкелді.

Сондай-ақ, “Көлсай көлдері”ұлттық паркінде экотуризмді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес құру жоспарлануда.

“Біз даму тұжырымдамасын ұлттық парк жанынан құрылатын Қоғамдық кеңестің қарауына енгіземіз. Мұқият зерделеп, кеңесте талқылағаннан кейін біз заңға сәйкес әрекет етуді жалғастырамыз. Объектілер ірі инвестициялық жоба шеңберінде құрылатын болады. Біз бизнес өкілдері инвестициялық жобамен ертең келген кезде біздің талаптарымызды толық түсінуі үшін тұжырымдама әзірлеп жатырмыз. Конкурсқа қатысатын кәсіпкерлер, егер олардың идеялары біздің тұжырымдамамызға сәйкес келсе ғана жұмыс істей алады”, – деп қорытындылады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Сайттан алынған ақпарат Today.kz

Комментарии
Leave a Reply

Your email address will not be published.

Қолдауымен
Серіктестер
Ақпараттық бюллетеньге жазылу
Қоңырауға тапсырыс беру