Көрнекті орындар
Толығырақ
Экскурсиялар
Толығырақ
Іс-ШАРА
Толығырақ
Astana Pass
Туристің бірыңғай картасы, оған мыналар кіреді
11 объектіге еркін кіру
Қала мен өзенге экскурсиялар
10 000 теңгеге дейін үнемдеу
Astana Museum Pass
Туристің бірыңғай картасы, оған мыналар кіреді
11 объектіге еркін кіру
3 000 теңгеге дейін үнемдеу
Құжаттар
Толығырақ
Ұлттық валюта
Толығырақ
Көлік инфрақұрылымы
Толығырақ
CityPASS Жаңалықтары
Толығырақ
БАҚ біз туралы
Толығырақ
Киіктер қайтсе көбеймек
Толығырақ

«Қазақ елі» монументі


Астана, Алматинский район
«Қазақ елі» монументі

Еліміз еңсесін тіктеп, егемендік алғалы бері тәуелсіздікке тәбәрік етер мұндай монументтер саусақпен санарлық қана. Бірақ, дәл осындай күрделі композициялық мәнге ие сәулетті-мүсін кешені бұрын-соңды тұрғызылған емес. Жалпы аумағы 5,2 гектар жерді алып жатқан бұл ескерткіштің ел тарихынан алар орны ерекше. «Қазақ елі» -халқымыздың көне тарихын, мәдениеті мен жетістіктерін әспеттейтін ауқымды кешен.

Монументтің ұзындығы 91 метр. Бұл еліміздің тәуелсіздік алған жылын білдіреді. Оның ұшар басына Самұрық құсы қонып тұр. Бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуға, гүлденуге ұмтылған ынта-жігерін бей­нелейді. Сондықтан алып сәулетті-мүсін кешенінің «Қазақ Елі» ата­нуы да тегін емес. Бұл – тәуелсіздіктің символы.

Бойына қазақ елінің өткені мен бүгінін топтастыруға тырысқан композициялық мазмұны мол кешен әйгілі ақ мәрмәрдан қаланған. Монумент Тәуелсіздік монументі ғана емес, халықтың рухының ха­лықтың мәңгілігінің, мемлекеттік тұтастығының, іргесінің беріктігін аңғартатын белгі. Атап айтқанда, монумент орналасқан тұғырдың төрт жағына қазақ халқының болмыс бітімін, өткен тарихын бейне­лейтін барельеф бедерлер салынды. Төрт қабырғаның өз айтары бар. Қазақ елінің басынан өткерген тағдыр соқпағы да сонда жатыр. Оның бірінші барельефі – «Елбасы және халық» деп аталады. Онда Ата Заңға қолын қойып, ант беріп тұрған мемлекетіміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бейнеленген. Бұл – елімізде заңның заңғар, ал азаматтардың құқықтары мен бостан­дықтары қашанда асыл қазына екендігінің белгісі. Елбасын қоршай орналасқан халық ол – кең-байтақ өлкеміздің тату-тәтті тіршілік құ­шағындағы тұрғындары. Ал көкте қалықтаған қарлығаштар елдегі ер­кіндік пен бейбітшіліктің көрінісі.

Монументтің оңтүстік беткейіндегі барельеф «Қаһармандық» деп аталады. Бұл – қазақ халқының ежелден қанында бар өр-рухтың жарқын көрінісі. Яғни, байырғы көшпелі халықтың бойына біткен бол­мысы мұнда бейнеленген батырлар мен ақын-жыраулардың мүсіндері арқылы тамаша үйлесімін тапқан. Монументтің батыс бөлігі «Жасам­паздық» тақырыбымен сыр шертіп тұр. Көшпелі заманнан ғарышты игеру дәуіріне дейінгі қазақ халқының еңбек жолындағы даму жолы­ның белгісі осында өрнектеледі. Бұл жерден елдің әлеуметтік-эконо­микалық өсіп-өркендеуіне үлесін қосқан металлургті де, мұнайшыны да, инженер мен диқан, құрылысшы мен ғарышкерді де кезіктіресіз. Демек, еңбексүйгіш елдің ерен қажыр-қайраты сонысымен құнды. Ескерткіштің соңғы шығыс беткейі «Болашақ» деп аталады. Ел ертеңі болар айбынды жас буынның бейнесін әспеттеген бұл барельеф Қа­зақстан жастарына арналған. Ғылым мен білім, спорт, мәдениет пен өнерде өрге ұмтылған ел ертеңінің өкілдерін осы арадан табасыз. Ал олардың қақ ортасында жұп құраған жас отбасы бөліп тұр. Бұл қоға­мымыздың мемлекеттің ішіндегі шағын мемлекет – отбасына қомақты көңіл бөліп, адам ресурсына айрықша мән беруінің кепілі.

ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ

«Қазақ елі» монументі өту үшін сізге қажет:

  • Кіреберісінде орналасқан кассаға барыңыз.
  • Смартфондағы мобильді қосымшада QR коды бар виртуалды CityPASS операторын көрсетіңіз немесе басып шығарыңыз.

Astana Pass (24 немесе 72 сағаттық) сатып ала отырып, сіз осы аттракционға және 11 басқа да көрікті жерлерге және қаланың 2 экскурсиясына тегін бара аласыз. Онлайн картаның әрекет ету барысында

Пікірлер
Leave a Reply

Your email address will not be published.

Қолдауымен
Серіктестер
Ақпараттық бюллетеньге жазылу
Қоңырауға тапсырыс беру