«Хазірет сұлтан» мешіті Астанадағы ең әдемі сәулет нысандарының бірі және Қазақстан халқының рухани байлығының көрінісі іспеттес.мешіт құрылысы 2009 жылы шілдеде басталды.
Мешіт құрылысына әр кезеңде 1000-нан 1500-ге дейін адам қатысты. 2012 жылы 6 шілде күні сағат 12.00-де астананың ғажайып нысандарының қатарын толықтырған мешіттің ашылу салтанаты болды. Ол көлемі жағынан Түркмениядағы «Духовность Түркменбашы» мешітінен кейінгі Орталық Азиядағы екінші мешіт.
«Хазірет сұлтан» «Қасиетті сұлтан» деген мағына береді. «Хазірет сұлтан» – Түркістанда кесенесі бар, «Диуан-и-хикметтің» авторы, сопы шейх Қожа Ахет Йассауи эпитеттерінің бірі.
Мешіт ғимараты классикалық ислам стилінде, қазақтың ою-өрнектерін қолдану арқылы салынған. Ол үш қабатты, бірінші қабатында – неке қию залы, тағы басқа да қосымша орындар. Екінші қабатында ерлер мінәжат ететін, 4 мың орындық зал бар. Үшінші қабаттағы 1000 орындық зал әйелдердің мінәжат етуіне арналған. Мешітке 5000 , мереке күндері тіпті 10 000 адамға дейін сыйып кетеді.
Мешіттің аумағы 11 гектар, ал алаңы 17 700 шаршы метр. «Хазірет сұлтан» Қазақстандағы ең күмбезі үлкен мешіт, оның биіктігі 51 метр, ал күмбез тұғырының диаметрі 28,1 метр. Мешітте диаметрі 10,45 және 7,6 метрлік, ал биіктігі 33,46 және 25,25 метрлік сегіз шағын күмбез бар. Сәулеттік жоба бойынша храм басында Мекке жаққа қарай бағытталған жарты айы бар 80 метрлік сүйір ұшы болуы керек. Мешіттің маңына 5 субұрқақ, декоративті және жалпы жарық қою жағы да ойластырылған. Мешіт кешеніне 745 автокөлік қоюға болатын ашық автотұрақ та кіреді. Ол автокөлікпен барлық жағынан да келуге болатындай етіп қарастырылған.
«Хазірет Сұлтан» мешіті өту үшін сізге қажет:
Astana Pass (24 немесе 72 сағаттық) сатып ала отырып, сіз осы аттракционға және 11 басқа да көрікті жерлерге және қаланың 2 экскурсиясына тегін бара аласыз. Онлайн картаның әрекет ету барысында