Бұл сауда, ойын-сауық орталығын Астананың жаңа символы деп бекер атамайды. Атақты британ сәулетшісі Норман Фостер жобалаған «Хан – Шатыр» әлемдегі шатыр түріндегі ең ірі ғимарат, әрі Қазақстандағы ең үлкен сауда орталығы. Сауда, ойын-сауық орталығы 2010 жылы астана күнінде ашылды.
Мұнда бөлшек-сауда және ойын-сауық кешендері орналасқан. Атап айтқанда, супермаркет, отбасылық парк, кафе, мейрамханалар, кинотеатрлар, спорт залдары, жасанды жағажайы бар аквапарк, толқынды бассейндер, қызметтік және офистік кеңселер, 700 орындық паркинг, тағы басқалар бар. Алайда «Хан-Шатырдың» басты ерекшелігі – тропикалық климатты, экзотикалық өсімдіктер өсірілген жағажайлық курорт. Онда жыл бойы 35 градус жылы болып тұрады. Курорттың құмды жағажайларына нағыз жағажайдағыдай жылыту жүйесі орнатылған. Ал құм Мальдив аралдарынан әкелінген.
Сондай-ақ, демалыс сайын «Хан-Шатырда» арнайы шаралар ұйымдастырылып отырады: бас атриумда лотереялар ойнатылып, әр түрлі қызықты шаралар өтіп жатады. Forbes Style журналы «Хан-Шатырдың» ТМД аумағындағы жалғыз ғимарат ретінде әлемдегі ең үздік он экоғимараттар тізіміне енгені туралы жазды
«Хан Шатыр» СОО өту үшін сізге қажет:
Astana Pass (24 немесе 72 сағаттық) сатып ала отырып, сіз осы аттракционға және 11 басқа да көрікті жерлерге және қаланың 2 экскурсиясына тегін бара аласыз. Онлайн картаның әрекет ету барысында