Көрнекті орындар
Толығырақ
Экскурсиялар
Толығырақ
Іс-ШАРА
Толығырақ
Astana Pass
Туристің бірыңғай картасы, оған мыналар кіреді
11 объектіге еркін кіру
Қала мен өзенге экскурсиялар
10 000 теңгеге дейін үнемдеу
Astana Museum Pass
Туристің бірыңғай картасы, оған мыналар кіреді
11 объектіге еркін кіру
3 000 теңгеге дейін үнемдеу
Құжаттар
Толығырақ
Ұлттық валюта
Толығырақ
Көлік инфрақұрылымы
Толығырақ
CityPASS Жаңалықтары
Толығырақ
БАҚ біз туралы
Толығырақ
Киіктер қайтсе көбеймек
Толығырақ
  • Басты бет
  • Журнал
  • Фотографияға әуес болсаңыз. Қазақстандағы фототурларға арналған үздік орындар

Фотографияға әуес болсаңыз. Қазақстандағы фототурларға арналған үздік орындар

17 August 2020

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-байтақ далада қанат жайған еліміздің әр бұрышы өзінше тартымды. Әр аймақ өзіне ғана тиесілі жеке фототур ұйымдастыруға әбден лайық. Суреттермен әрленген саяхатыңыздағы жадыңызға сақталар сәттер мен көрнекті орындардың көп болуы қоржыныңыздағы уақытқа ғана тәуелді.

Фотографияға әуес болсаңыз. Қазақстандағы фототурларға арналған үздік орындар

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-байтақ далада қанат жайған еліміздің әр бұрышы өзінше тартымды. Әр аймақ өзіне ғана тиесілі жеке фототур ұйымдастыруға әбден лайық. Суреттермен әрленген саяхатыңыздағы жадыңызға сақталар сәттер мен көрнекті орындардың көп болуы қоржыныңыздағы уақытқа ғана тәуелді.

Әдетте фототур 10-14 күнге созылады. Бұл Қазақ даласының Шығыс, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық аймақтың бірімен етене танысу үшін әбден жеткілікті. Осы мақаламызда аталған 5 өлкенің әрқайсысына бөлек тоқталып, фототур кезінде алып шаһарлар мен облыс, аудандарды өзара үйлестірудің ең тиімді жолдарын талқыға саламыз.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік

Қазақстанға алғаш келген туристер үшін фототурды еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан бастаған ерекше қызық болары анық. Елордамыз Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарымен бірге Солтүстік Қазақстан аумағына кіреді. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан әуежайы әлемнің әр түкпірінен келген авиарейстер саны бойынша көш бастап тұр.

Сонымен, Қазақстанның бас шаһарына келген туристерді не күтіп тұр? Ең алдымен, қаланың болашақ жайлы тіл қатқандай көрінетін заманауи сәулеті. Сән-салтанаты жарасқан ғимараттардың ішінде Норман Фостердің атақты туындыларын ерекше атап өткен жөн: астанамыздың бас рәмізі, ең танымал нышаны – «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы, пирамида қалпындағы Бейбітшілік және келісім сарайы, еліміздегі ең биік ғимарат саналатын «Abu Dhabi Plaza». Елорда бейнесіндегі ерекше көз тартар құрылыс – EXPO кешенінің аумағында да керемет фотосуреттер жасап қана қоймай, бір мезет келешек әлемге саяхат жасап, айтулы көрменің мұрасымен танысуға болады.

Елордадан қашық емес жерде, иелігіне айдыны айнадай көлдер мен қылқан жапырақты ормандарды жиған, Ұлы Дала сахарасының төріндегі әсем шұрат – Щучье-Бурабай курорттық аймағы орын тапқан. Көлдің қақ ортасында бой түзеген Жұмбақтас та келген туристер объективінің сүйікті «кейіпкеріне» айналып үлгерген. Бір қырынан – мысырлық сфинксті ойға салса, екінші қырынан – әйел бейнесін алдыңа келтіреді. Оның өзі бірде ару қыз, енді бірде кемпір болып көрінеді. Кім біледі, мүмкін дәл осы тас жұмбақтың шешімі сіздің фотосуреттеріңізден табылар?!

Солтүстік өлкедегі фото-бейнетүсірілім үшін оңтайлы орындар қатарында ерекше қорғалатын табиғи аймақ санатындағы Баянауыл ұлттық саябағы, Қорғалжын және Наурызым қорықтары да аса маңызды орын алады.

Таулар мен жартастардың қорғауындағы тұңғиық көлдер, қарағайлы ормандар және иен дала. Осының бәрі бір ғана Баянауыл атауына келіп саяды. Әрбір сәттен қайталанбас фотосуреттерді іздейтін әуесқойлардың барлығы мұндағы түрлі көріністегі табиғи тас мүсіндерге таң-тамаша. Бірі – Жалмауыз кемпір, бірі – түйе, бірі – зіл. Ертегі әлемі Павлодар облысының осы бір бөлігінде жасырылған болар. Оны аз десеңіз, мұнда қасиетті тау бар. Көптің айтуынша, кімде кім осы тау арасына кіріп, арқа тұсымен шыға алатын болса, соның тілеген тілегі орындалады екен.

Ақмола облысында орналасқан көлдерге бай Қорғалжын қорығында ақ бөкен тіршілігін бейнелейтін керемет суреттер түсіріп, жаз уақытында Қызыл кітапқа енгізілген қызғылт қоқиқазды бақылап қайтуға болады.

Қостанай облысындағы Наурызым қорығындағы серуеніңізді «Наурызым – тылсым мекен» орталығына барудан бастаған жөн. Орталық қызметкерлері саяхатыңыздың сәні мен мәнін еселей түсетін кеңестермен қуана-қуана бөліседі.

Достопримечательности Костанайской области

Оңтүстіктің жомарттығына кезекті дәлел

Егер байтақ еліміз бойынша саяхатыңызды арайлы Алматыдан бастайтын болсаңыз, дәл сол сәттен сізді бар Оңтүстік құшақ жая қарсы алғандай сезімге бөленесіз. Себебі бұл шаһар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарына жол ашады. Көне сәулет ескерткіштері мен заманауи ғимараттар, Тянь-Шань таулары, өзен-көлдер, дала мен шөл. Бәрі бар! Фотонысандар санынан да Оңтүстік өңірдің аңызға айналған жомарттығы айқын көрініс тапса керек!

Тек аңдамай фотосаяхатыңыздың бар уақытын Алматыда өткізіп алмасаңыз игі. Себебі бұл әсем қаланың әр көшесінің өзіндік еліктірер күші мен келген жанды оңайлықпен жібере қоймайтын тылсым тартылысы бар. Әр шаршы метрі – шабыт шоғырланып, оқиғалар тоғысқан бөлек әлем. Мәселен, 28-қаһарман-панфиловшы атына берілген саябақ пен Максим Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының соқпақтарымен немесе Мұқан Төлебаев көшесінің бойымен серуендеп жүріп, әр адымыңызда назарыңызға лайық дүние табасыз. Верный (Ресей империясы кезіндегі Алматы атауы) кезеңінен естелік болып қалған көпестердің үйлері де қаз қалпында сақталып, өткеннен сыр шертіп тұр. Ал күн ұясына батқан мезетте Көк Төбеге көтерілсеңіз, тұла бойыңызды баурап алар қала көрінісіне куә боласыз. Оған қоса, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне барып, кез келген тау бағдарымен жүріп өтсеңіз, Үлкен Алматы, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне аттанып, Шарын шатқалын шарлап шықсаңыз, ұмытылмас әсер алып, сол керемет әсерді ұмыттырмас фотосуреттер жасайтыныңыз даусыз.

Аты айтып тұрғанындай, Қайыңды маңы қайың ағашқа бай. Десек те, бұл жердің басты ерекшелігі қайыңда емес, тау аңғарындағы су басқан шыршаларда. Айдынның қорғаушылары іспеттес бұл шыршалар да сіздің фото-топтамаңыздың сәнін келтіреді.

Шарын шатқалының өзгеғаламшарлық көріністері мен құздарға түскен сан ғасырлық өрнектері де әлемнің әр түкпіріндегі фотосаяхатшыларды еліктіріп, Ұлы Дала елін көруге деген ұмтылыстарының басты себептерінің бірі ретінде қалыптасқан. Мұндағындай шаған алқабын Шарыннан бөлек Канадада ғана кездестіруге болады.

Бұдан алдын Алматыда болсаңыз, Түркістан мен Жамбыл облыстарындағы экскурсияңыздың бастапқы нүктесі ретінде Шымкент қаласын таңдаған дұрыс. Шырайлы Шымкентке кемеден өзге көліктің барлық құралымен жете аласыз.

Қала аумағындағы экскурсиялық бағдарламаңызға дендропарк, Арбат, орталығы Металлургтер сарайы болатын, Лениннің алып мүсіні қойылған саябағы бар, сталиндік мәнердегі үйлер салынған ретро-аудан сияқты ерекше нысандарды қосуды ұмыт қалдырмаңыз.

Шымкенттен көне Отырар мен руханиятымыздың бесігі болған Түркістанға оңай жете аласыз. Қызылорда облысына апарар жолда ортағасырлық Сауран шаһарын елемей өтпеңіз. Барлығы да қайталанбас суреттер жасырылған тарихи орындар.

Шымкенттен төменіректе сізді табиғат тамашасы күтіп тұр. Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем табиғи саябағы Тянь-Шаньның тұмса табиғатын танытады. Аталған екеуінің қайсысын таңдасаңыз да, атты серуен ұйымдастырып, Табиғат-Анамен етене жақындасу үшін бар жағдай жасалған.

Достопримечательности Туркестанской области

Шығыстың шынары – Мұзтау

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Өскемен. Туристік бағдарлардың көп бөлігі дәл осы қаладан бастау алады. Шығыстың бас шаһарында сәулет-құрылысы бірегей діни орындар, еліміздегі ең көне вокзалдардың бірі, салынуы ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басына сәйкес келетін басқа да құнды тарихи құрылыстар сақталған.

Катон-Қарағай ұлттық саябағы аумағындағы фотосаяхат шытырман оқиғаларға толы болары анық. Оның аймағында Алтайдың алтын тәжі – Мұзтау шыңы орналасқан. Ғаламдағы ең сұлу таулардың бірі ретінде танылған қос шыңды Ұмай-Ананың қасиетті мекені деп те топшылайды. Сонымен қатар Катон-Қарағайдың қуатты сарқырамалары, таудан бастау алған мөлдір бұлақтары, өзге өңірлерде кездеспейтін бұғы шаруашылықтары баршаға жақсы мәлім.

Қазақ даласын жырға бөлеп, күймен тербеген ғашықтық дастандар өте көп. Соның бірегейі батыр Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлудың аңызға айналған махаббаты жайлы сыр шертеді. Шығыс Қазақстандағы Аягөз жері – толассыз ғасырлардан бізге жеткен қос ғашықтың асыл сезіміне куә болған мекен. Х ғасырдың тарихи сәулет мұрасы болған Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу мазары Аягөз өзенінің оң жағалауындағы Таңсық ауылына жақын маңда орналасқан. Бүгінде, бұл киелі орынға апарар жайлы жол да салынған.

Белуха – символ Восточного Казахстана

Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстанға біріктірілген Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары Жер ғаламшарының өзге ешбір жерінен кездеспейтін көріністерге ие.

Қарт Каспийдің бойындағы Ақтау мен Атырау қалалары көркем жағалау, сауда порттары, ұшы-қиыры көрінбейтін көк айдынымен жадыңызда сақталады.

Еліміздің басты орталықтарынан алшақ аймақта Үстірт қорығы, ежелгі Алта, Кетік, Сарташ қалашықтары орналасқан. Мұның бәрі бір төбе. Қасиетті Шерқала тауы – бір төбе. Фотокамераңыз әрдайым даяр болуы керек! Батыста кең таралған жерасты мешіттері де өзінше сәулет ғажайыбы. Арасындағы ең танымалдары Бекет ата мен Шақпақ ата мешіттері. Мұсылмандар үшін түркі әлемі кеңістігінде орналасқан ең киелі орын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі десек, бұл орайда Бекет ата мешітінің де маңызы өте жоғары екенін атап өтуіміз керек.

Достопримечательности Запдно-Казахстанской области

Сарыарқа және Орталық Қазақстан

Орталық Қазақстан аймағы аққу мен тырна сияқты әсем құстар паналайтын су айдындарына бай. Сарыарқаның кең жазығы мен араласпайтын ащы-тұщы сулы Балқаш көлі бірден көңіліңізді жаулап, фототоптамаңыздан лайықты орын алары сөзсіз. Биіктікті аңсаған болсаңыз, түрлі-түсті Ақжар тауларына, жартасты Бектау ата жотасына немесе көркем Қарқаралы аймағына жол бастауға болады.

…Қазақстан табиғаты көз тартар жерлерге де, қайталанбас сәулет нысандарына де, тарихи ескерткіштерге де, мұражайлар мен діни орындарға да бірдей бай. Қазақ жерінің қай аймағына жол тартсаңыз да, «міндетті түрде ораламын» деген оймен қоштасатын боласыз! Алған әсерлеріңіз сізді жаңа саяхаттарға шабыттандырып, жаныңыздағы «көшпенділік рухын» жаңғыртады!

Жоғары технологиялар өркендеп тұрған заманда, әрбір серуенімізді фотосаяхат деп қабылдасақ жаңылыспаймыз. Әр басымыздан кешкен оқиға, әр қызықты сәт бірде сізге ғана мәлім болса, әп сәтте ол жайлы бар әлем хабардар болады. Фотосаяхатшының басты үш «қаруына»:смартфон, фотоаппарат, ғаламторға ие болсаңыз жеткілікті.

Достопримечательности Павлодарской области

Ал егер күннің батысы мен таңның атысын сағатсыз сезетін, ең сәтті түсірілім нүктелерін анықтап беретін кәсіби фотографтармен бірге фотосаяхат жасағыңыз келсе, еліміздің туристік агенттіктеріне жүгінуге кеңес береміз. Қазақстанның кез-келген аймағына ұйымдастырылған саяхатыңызда гид-фотограф өзіңізге серік болады.

Ақпарат kazakhstan.travel веб-сайтынан алынды.

Комментарии
Қолдауымен
Серіктестер
Ақпараттық бюллетеньге жазылу
Қоңырауға тапсырыс беру