Официальный сайтWelcome to Nur-Sultan

«Пивоварофф» мейрамханасы


g34a5862_1280x853-1024x682Мейрамхананың ерекшелігі жылына орташа өніммен 150 мың литр шығаратын шағын-сыра қайнататын орын болып табылады. Жаңа жасалған ақшыл және сүзілмеген қоңыр ескі неміс сыралары Қазақстанның барлық аймағына кең танылған. «Пивоварофф» асханасының концепциясы – үлкен, тойымды мөлшер, ал барлық тамақтар топтамасы сырамен үйлесім табу үшін арнайы жасалған. Негізгі асхана мәзірі неміс асханасының басымдылығымен европалық үлгіде, алайда мейрамхана мәзірі шығыс дәстүріне бейімделген. Жайлы кабиналар витражды қоршаулармен бөлініп, ағаш жиһаздар, қабырғалар 18-ғасырдан бастау алатын тұрмыстық заттармен безендірілген. Неміс стилінде киінген жылы шырайлы қызметкер – қонақтарын көне Еуропаға апарады.


«Пивоварофф» мейрамханасы